|
|
< Май
>
< 2012 >
|
|
| Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| 01 | 02 | 03 | 04 | 05 | 06 | | 07 | 08 | 09 | 10 | 11 | 12 | 13 | | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | | 28 | 29 | 30 | 31 | | | |
|
2012 жылғы қаңтар-сәуірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 330,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,9%-ға артық көрсеткіш. |
Әрі қарай оқу (5)...
|
2012 жылдың 14 мамырында «2012 жылдың қаңтар-сәуіріндегі Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» талдамалы баяндамасы шығарылды. |
Департамент ардагерлеріне құрмет көрсетті
 Павлодар облысы Статистика департаментінде Жеңіс күнін атап өту қарсаңында ардагерлеріне құрмет көрсету дәстүрге айналды.
Ұлы Жеңістің 67 жылдығына байланысты 16 ардагер, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді, олардың ішінде 11-і статистика органдарында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Оларға құттықтау хаттар, гүлдер және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Құрмет көрсетілген ардагерлердің арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық статистика қызметінің дамуы кезеңінде еңбек еткен және статистика басқармасын 20 жылдан астам басқарған Николай Петрович Волков та болды.
|
Отан қорғаушылар күні аталып өтілді
|
Ағымдағы жылдың 7 мамырында Павлодар облысының Статистика департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында департамент бастығы Д.Ш. Сұлтанова сөз сөйлеп, жиналғандарды тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Осы мерекенің еліміз үшін аса маңыздылығын атап өтіп, зор денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат пен сәттілік тіледі.
Мерекелеуге статистика органдарының ардагерлері де қатысты.
Осыған қоса, департамент қызметкерлерінің күшімен ән, би және театр қойылымдарынан тұратын концерт ұйымдастырылды.
|
2011 жылғы Павлодар облысындағы тұрақты мектепке дейінгі мекемелер
|
2011 жылы облыста 397 тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеді, онда 34472 бала тәрбиеленді. 2010 жылмен салыстырғанда ұйымдар саны 33 бірлікке (9%-ға), ал тәрбиеленушілер саны 2993 балаға (9,5%-ға) көбейді.
|
2012 жылдың сәуір айындағы инфляция
|
2012 жылдың сәуір айындағы Павлодар облысындағы тұтыну бағасының индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) 101,1%-ды құрады. |
Спортсмендеріміздің жеңісі
 Ағымдағы жылдың 27-28 сәуірінде Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасындағы X-шы облыстық спартакиада шеңберінде тоғызқұмалақ жарысы өткізілді.
Павлодар облысы Статистика департаментінің командасы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, нәтижесінде жалпы командалық есепте І орынды иеленді. Жеңіс үшін команда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.
|
Спортсмендеріміздің жеңісі
|
Ағымдағы жылдың 27-28 сәуірінде Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасындағы X-шы облыстық спартакиада шеңберінде тоғызқұмалақ жарысы өткізілді.
Павлодар облысы Статистика департаментінің командасы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, нәтижесінде жалпы командалық есепте І орынды иеленді. Жеңіс үшін команда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.
|
2011 жылы облыс тұрғындарынан
|
2011 жылы облыс тұрғындарынан Түркияға – 5561 адам, Қытайға – 1028, БАЭ – 1143, Германияға – 530, Таиландқа – 590, Чехияға – 243 адам барып қайтты. |
2011 жылғы Павлодар облысының жалпы өңірлік өнімі
|
2011 жылғы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) көлемі 1379,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артты. Облыстағы ЖӨӨ-нің жалпы республикалық көлемдегі үлестік салмағы 5%-ға тең.
|
Беттер: 1 2 3 ...
| |