Сайт картасы
Байланыс ақпарат
Өнеркәсіп өнімінің көлемі -
330,3 млрд. тг.
Статистикалық деректерді қандай мақсатта пайдаланасыз?













Архив голосований


 
« Департамент статистикалық деректерді жинақтайды , ЕМК қызметің ұйымдастырады және үйлестіреді, талдау және тексеру жұмыстарын жүргізеді ... »

Департамент туралы мәлiмет




Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы бола тұра, мемлекеттік органдарды, іскери топтарды, өңір және республика халқын Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша басты міндет атқарады, сондай-ақ облыс аумағында статистикалық қызмет саласына қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында басқа да қызмет атқарады.
Департамент бастығы – Д.Ш. Сұлтанова, орынбасарлары – Ж.Е. Жәкенов, Мағзамова Ж.Ж. Департамент құрылымында 12 салалық басқарма, сондай-ақ, 10 аудандық және 3 қалалық статистика басқармалары бар.
Статистика департаменті өзіне жүктелген жауапкершілікке сәйкес келесі негізгі функцияларды атқарады:
• Ќазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес жергілікті басқару органдарын, заңды және жеке тұлғаларды статистикалық ақпаратпен қамтуды жүзеге асырады;
• Ќазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес статистикалық байқауларды, зерттеулерді және санақтауды ұйымдастырады және жүргізеді;
• өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттық-статистикалық мәлімет базаларын жинақтауды, жүргізуді және маңызын көтеруді қамтамасыз етеді;
• облыс бойынша (қала, аудандар) жұмыс істейтін субъектілердің Статистикалық бизнес-тіркелімін және басқа тіркемелерді енгізу және маңызын көтеру жұмыстарын ұйымдастырады;
• ретке сәйкес статистикалық жинақтарды, бюллетендерді, талдаухаттарды және басқа статистикалық мәліметтерді басып шығарады және таратады;
• жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында өңірлер бойынша жүйелі жинақтық статистикалық ақпаратты жариялайды;
• мемлекеттік және коммерциялық құпияны, Ќазақстан Республикасының жұмыс істейтін заңына сәйкес алдын ала алынған статистикалық ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді;
• өзінің өкілдік шамасына қарай бастапқы есептің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
• Ќазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзу істерін қарастырады.
Мемлекеттік статистиканың статистикалық деректерін өңдеуді, сондай-ақ, статистикалық ақпаратты жариялау мен өңір бойынша таратуды облыс Статистика департаментімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық – есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып саналатын Павлодар облысы Статистика бойынша есептеу орталығы іске асырады. Аталмыш есептеу орталығының директоры – В.М. Камшук және оның орынбасары – К.С. Исенова.
Мемлекеттік басқару органдары жұмыскерлеріне, өндіріс саласына, ғылым және білім мекемелеріне, кәсіпкерлерге және қоғам қайраткерлеріне, студенттер мен оқушыларға, басқа да статистикалық ақпараттарды пайдаланушыларға ақпараттық қызметті көрсетеміз.
 

 





16 Мамыр
14 Мамыр
14 Мамыр

Мемлекеттік статистикасында инновациялар






Хабарландыру







140000, г.Павлодар, ул.Генерала Дюсенова, 9
Телефон: 8 (7182) 53 48 47
Факс: 53 25 95

Статистика департаменті

Баспасөз хатшысы

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл
 




Әзірлеген және қолдаған
«Creatida» Интернет-компаниясы
© Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында пайдаланған жағдайда Павлодар облысының Статистика департаментіне сілтеме жасауға міндетті